11 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2162
Adyrna.kz Telegram
Фото: qandastar.kz
Фото: qandastar.kz

Биыл 11 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша 11 165 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 99,1 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (69,6%) – Өзбекстаннан, 10,5% – ҚХР-дан, 7,1% – Түркіменстаннан, 4,6% – Моңғолиядан және 8,3% – басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,8%), Маңғыстау (17,2%), Түркістан (9,4%) және Жамбыл (6,8%) облыстарында, сондай-ақ Алматы (5,9%), Нұр-Сұлтан (7,5%) және Шымкент (7,6%) қалаларында қоныстанды.

Осы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны – 59,5%, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар – 27,1% және зейнеткерлер – 13,4%.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша 12,3% – жоғары білімді, 38,9% – арнайы орта білімді, 47% – жалпы орта білімді және 1,7%-ының білімі жоқ.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер