Елімізде дихандар 9,2 млн га дақыл жинады

1605
Adyrna.kz Telegram

Егін жинау науқаны басталғаннан бері 12 ц/га орташа өнімділік кезінде 11,2 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабектің айтуынша, жалпы астық жинаудың болжамды көлемі 18,3 млн тонна, оның ішінде бидай 13,4 млн тоннадан асады деп күтілуде.

Бүгінде елімізде 3,1 млн тонна көлемінде ауыспалы астық қалдығы бар, оның ішінде 2,5 млн тоннасы бидай.  Вице-министр  бұл қор  республиканың ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ бөлігін экспортқа өткізу және тиісінше біздің дәстүрлі нарықтарымыздағы сауда позицияларын сақтау үшін жеткілікті екенін алға тартуда.

«Жаппай егін жинау жұмыстары басталған кезде тракторлар мен комбайндар паркін жаңарту үшін ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі бағдарламасы іске қосылды, оған 40 млрд теңге бағытталды. 2022 жылдың 5 тамызынан бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ  1130 бірлік техника сатып алуға 44,7 млрд теңге сомасына 874 өтінім қабылдады. 18,4 млрд теңге сомаға 345 өтінім бойынша қаржылық лизинг шарттары жасалды. 11,9 млрд теңге сомаға 160 өтінім мақұлданды»,-деп атап өтті вице-министрі Әбілхайыр Тамабек.

Қазір елде дизель отынына қатысты мәселе жоқ. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 423,5 мың тонна жеңілдетілген солярка бөлінген.  Дихандар үшін республика бойынша орташа баға литіріне 203 теңгеден болды, бұл нарықтық құннан 15-20% арзан.

Айта кетейік, егін жинау науқаны министрліктің тікелей бақылауында тұр. Аталған бағыттағы мәселе бойынша  республикалық жедел штаб жұмыс істейді. Орган түйіткілді істердің күрмеуін шешімен айналысады.

 

 

 

 

 

 

Пікірлер