Қазақстанда трансұлттық қылмыстық топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)

9291
Adyrna.kz Telegram

Полиция қызметкерлері трансұлттық қылмыстық топтың 11 мүшесін ұстады, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Бас прокуратураның көмегімен бір-біріне қарсы тұрған екі трансұлттық қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Олар өз ұлтының кәсіпкерлеріне заңсыз салық салып, олардың арасында қылмыстық идеялар мен қастандақы әрекеттерін таратуға әрекеттенген.

Алматы, Атырау, Петропавл, Ақтау және Жамбыл облысы аумағында жүргізілген арнайы операция барысында  ІІМ арнайы жасақтарының қатысуымен жедел уәкілдер қылмыстық топтың 11 мүшесін, оның ішінде қылмысқа қатысы бар деп жоспарланған кісі өлтірушіні ұстады.

Олардың тұрғылықты жерінде 25 жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізіліп, оның барысында атыс қаруының арсеналы, аса ірі көлемдегі шетел валютасы, сондай-ақ аса ірі көлемдегі есірткі заттары тәркіленді. Ұсталғандарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмысқа басқа да сыбайластарын ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер