Қазіргі уақытта Әулиекөл ауданында жағдай тұрақты

2582
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысының ПД полиция қызметкерлері Әулиекөл ауданында қоғамдық тәртіпті сақтауды жалғастыруда. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Полицейлер өртті сөндіруге қатысып жатыр және қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асыруда. Өрт ошағын жою кезінде ЖКО фактілері мен адамдардың қаза болуына жол берілген жоқ.

Республикалық маңызы бар Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тас жолы патрульдермен күшейтілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері барлық бағыттар бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыруда.

Өткен тәулікте полицейлер Озерное кентінде үйден өз бетінше шыға алмаған мүгедек әйелді эвакуациялауға көмек көрсетті. Сонымен қатар Аманқарағай ауылында 60 жастағы ер адам құтқарылды.

Қостанай – Әулиекөл тас жолының 96-шақырымында полиция қызметкерлерімен патрульдеу кезінде күйік шалған ер адам ес-түссіз табылды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты.

Елді мекендерде тонау фактілерін болдырмау үшін полиция жасақтары күшейтілді. Сондай-ақ жанармай құю бекеттерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.

3 қыркүйекте сағат 21:15-те республикалық маңызы бар тас жолдағы қозғалыс қалпына келтірілді.

Полиция қызметкерлері дауыс зорайтқыш құрылғысының көмегімен тұрғындарды эвакуациялау қажеттілігі туралы ескертті. ТЖМ-мен бірлесіп 1800-ден астам адам эвакуацияланды.  Бұған дейін полиция қызметкерлері Қостана қаласындағы “Оружейная палата” дүкеніндегі өртті сөндіру және тұрғындарды эвакуациялау кезінде көмек көрсеткен болатын.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер