Мәскеуде Михаил Горбачевпен қоштасу рәсімі өтті

2269
Adyrna.kz Telegram

Мәскеуде бүгін 3 қыркүйекте Одақтар үйінің Колонналар залында 30 тамызда 92 жасында қайтыс болған КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачевпен қоштасу рәсімі өтті.  Ғимарат маңында орнатылған қоршауларда ұзын-сонар кезек болды. Полицейлер келушілерді бірнеше ондаған адамнан тұратын топтарға бөлді, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Мәскеу уақытымен сағат 10.00-де басталған салтанатты шараға әнші Алла Пугачева, сондай-ақ РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары, Ресейдің бұрынғы президенті Дмитрий Медведев қатысып үлгерген. Қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путин қоштасуға келмеді, бұрын Горбачевпен бөлек қоштасқан. Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұны Путиннің тығыз жұмыс кестесіне байланысты деп түсіндірді.

Михаил Горбачевті мемлекеттік жерлеу рәсімі болмайды. Қоштасу рәсіміне Батыстың жоғары лауазымды саясаткерлері де келмейді деп күтілуде. Бұл Ресейдің Украинаға қарулы басып кіруіне байланысты Батыстың Ресей Федерациясына салған санкцияларына байланысты.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер