Нұр-Сұлтанда полицей 24-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды

2140
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда учаскелік инспектор 24-қабаттан секірмек болған әйелді шатырға дейін аңдып, құтқарып қалды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Уәлиханов көшесінің бойында болып жатқан оқиға туралы куәгерлер полицияға хабарлаған. Оқиға орнына патрульдік көлік жіберілді. Бұл кезде Байқоңыр ауданы бойынша УПП-27 учаскелік полиция инспекторы Қуаныш Мирзаев өзінің әкімшілік учаскесінде болып, шұғыл оқиға орын алған үйге қарай жүгірген.

Ол жерге жеткенде әйелдің аяғын салбыратып қойып, өзіне қол жұмсамақ ниетте отырғанын аңғарды.  Қуаныш Мирзаев жоғарғы қабатқа көтеріліп, киімін шешіп, техникалық қабаттың кішкене терезесі арқылы діттеген орынға жетті. Артынан әйелге жасырын түрде жетіп барып, кенет оны ұстап алып, құшағына қысты. Ол жылап, қашуға тырысты. Полицей оны әңгімелер арқылы жұбатты.

Осы уақытта басқа подъезден құтқарушылар келді. Екеуі бірге әйелді терезеден сүйреп шығарды. Төменгі қабатта күтіп тұрған дәрігерлер оған психологиялық көмек көрсетті. 27 жастағы келіншекті мұндай әрекетке не итермелегенін полицейлер анықтады.

Пікірлер