Қаусаған шалдарды облыстан облысқа таси бергеннен не шығады? - Есен Елеукен

9607
Adyrna.kz Telegram

 

Осы біздің мемлекеттік қызметке, басшылыққа міндетті түрде сол салада білімі бар адамды тағайындау міндет пе? Негізі бірінші басшының міндеті саланы білу емес, ұжымды ұйымдастыру, қаржы көзін тауып, қамтамасыз ету емес пе еді?

Олай болса бізде қартайып, қаусаған шалдарды әр облыстан облысқа, министрліктен министрлікке таси бергеннен не шығады? Осы кезге дейінгі жұмысы оңбай отырғанын қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуалдан көрініп тұрған жоқ па?

Одан да жас, мемлекеттік қызметте тәжірибесі аз болса да, ұйымдастырушылық қабілеті сыналған, білікті менеджерлерді әкелетін кез жеткен сияқты.

Дәл қазір қымбатшылық қысып тұрған кезде,
халықпен байланысты нығайтып, өзінің әлеуетін көрсететін менеджерлердің нағыз керек шағы. Оларға карт бланш беріп, осынша уақыт ішінде бәрін шик қылыңдар десе, әркім өз идеясы үшін жүгірер емес пе?

Кризис менеджерлер халықтың наразылығын жасырғыштар емес, наразылық туындаған мәселені шешу еді ғой.

Кезінде каспий банктен жаман банк жоқ еді,
қазір онсыз өмір сүре алмайын деңгейге жеттік. Демек билік сарайының сыртына да көз салып қойған жөн шығар...

Есен Елеукен,

Facebook парақшасынан

Пікірлер