Ақтау тұрғындары Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен Нұрлан Ноғаевқа сусыз отырғандарын айтып, видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Тұрғындардың айтуынша, тұрғын үй құрылысы кезінде тиісті мекемелермен келісім шартқа отырылмағандықтан судың зардабын тартып отыр.
“Біз 32в 83 үй тұрғыны боламыз. Бүгін 1 ші қыркүйек, бұл тұрғын үй кешенінде судан айырылып отырмыз. 180 адам , 70-ке жуық пәтер, көп балалы аналар, қарапайым отбасылар сусыз қалып отыр.
Бұл біріншіден, застройщик ИП КАТАЕВА салғырттығынан. Анығырақ соның кесірінен болып отыр. 5 жылдан бері үйдің құжаттары мүлдем дұрыс емес. Тиісті мекемелермен келісім-шартқа отырылмағандықтан, осындай жағдайға қалып отырмыз”,- деді тұрғындар.
Бұл Ақтау тұрғындарының бірінші рет сусыз қалып отырғаны емес. Мұндай жағдай жиі болып тұрады, шыдамның да шегі бар, дейді тұрғындар.
“Бұл көріп отырғанымыз бірінші рет емес. Үйдің эскизі де, проектісі де тұрғындарға айтылғаннан мүлдем басқаша. Ең басты мәселе, бұл - судан айырылғандығымыз болып отыр”,- деді олар.
”Адырна” ұлттық порталы