“15 900 теңге”: ШҚО-да халыққа оқ атқан экс-полицей айыппұлмен құтылды

3940
Adyrna.kz Telegram
Фото: 365info.kz
Фото: 365info.kz

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында пәтер терезесінен оқ атып, адамдарды жаралаған бұрынғы полицей сотталды. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ведомствоның мәліметінше, Риддерде мас ер адам қолына пневматикалық атыс қаруын алып, пәтерінің терезесінен көшедегі адамдарға оқ атқан. Соның салдарынан екі азамат жараланды. Ер адамды жедел келіп жеткен тәртіп сақшылары тоқтатты. Белгілі болғандай, шаһар тұрғыны бұрын полиция қызметін атқарған.

“Қалалық әкімшілік соттың шешімімен азамат ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Сот жәбірленушілердің ауыр жарақат алмағанын, айыпталушының осыған дейін сотқа тартылмағанын ескерді. Ол 15 900 теңге айыппұл төлейді. Ер адамнан пневматикалық мылтық тәркіленді”, – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында депутат өзіне қол жұмсаған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер