Дәретхана шұңқырынан табылған сәби әлі жансақтау бөлімінде жатыр

4859
Adyrna.kz Telegram

Алматыда полиция қызметкері дәретхана шұңқырынан алып шыққан бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы қалалық ПД-ның баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Құтқарылған сәбиді көруге ауруханаға полиция капитаны Нұржан Шатунов пен полиция лейтенанты Ғазиз Хамасқалиев барып қайтты. Дәрігерлер оның жағдайын бірқалыпты ауыр деп отыр.

"Батырдың өмірі үшін, біз әріптестерімізбен оны солай атап кеттік, үздік дәрігерлердің күресіп жатқандығын білеміз. Оларға көп рахмет. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Сәбиге қажетті заттарды алып келдік. Оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз", - деді Түрксіб аудандық полиция Басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы, полиция майоры Нұржан Шатунов.

Еске салайық, жаңа туған нәрестені полиция қызметкерлері 25 тамызға қараған түні Алматының Түрксіб ауданында құтқарып қалды. 17 жастағы келіншек түсік болды деп шағымданып, сәбиінен құтылған. Алайда тәртіп сақшылары сәбиді дәретхана шұңқырынан тауып алып, аман алып қалды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер