Атырауда ресейлік университеттің филиалы ашылады

1981
Adyrna.kz Telegram
2 қыркүйекте С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында И.М. Губкин атындағы Ресей мұнай және газ университетінің филиалы ашылады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 
"И.М. Губкин атындағы Ресей мұнай және газ университетінің Атырау қаласындағы филиалы «Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын салу және пайдалану», «Мұнай-газ технологиялары», «Мұнай мен газдың табиғи резервуарларын геологиялық модельдеу» бағдарламалары бойынша бакалавриат студенттерін қабылдау науқанын бастады", -делінген хабарламада. 
Айта кетейік, С.Өтебаев атындағы АтМГУ мұнай-газ саласы үшін кадрлар даярлайтын Қазақстандағы жоғары оқу орны, 2015 жылдан бастап И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетімен серіктестік байланыста.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер