"Айсұлтан Рахатты еске алуға арналған турнир": Дариға Назарбаева Астанада жүр

5932
Adyrna.kz Telegram

"Қаңтар қырғынан" кейін көзден таса болған Дариға Назарбаева елордада жүр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ол 26-27 тамызда Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана Арена" стадионында Айсұлтан Рахатты еске алуға арналған "AR Cup 2022" жыл сайынғы балалар қайырымдылық футбол турнирінің жеңімпаздарын марапаттады.

Ktk.kz хабарлауынша, Айсұлтан Рахатты еске алу турнирі жыл сайын ұйымдастырылады. 9-11 жас аралығындағы жеткіншектер өзара бақ сынасып, «Астана аренада» Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағандыдан келген кішкентай спортшылар ішінен чемпиондар анықталды. Олар «Арманда! Дос бол! Ойна!» ұранымен матч өткізді.  Оған Қазақстан біріншілігіне жасы жетпейтін, он бір жасқа дейінгі өрендер қатысады. Былтыр жарысқа тек астаналық командалар қатысса, биыл оған үш қаладан 10 команда келген. Осылай жыл сайын топтардың саны арта бермек.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер