Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын берік ұстанады - Тоқаев

2093
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/2dd425b3-9dd5-45f4-80e0-7c7a95bf8e44.jpeg
Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын берік ұстанады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күннің бүкіл адамзат үшін мән-маңызы айрықша. Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті. Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек. Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады»,—деді ол.
Комментарии