Тоқаев боксшы Жәнібек Әлімханұлын құттықтады

2486
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жәнібек Әлімханұлына құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев боксшыны WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын алуымен құттықтады.

Елбасы Жәнібек Әлімханұлының ұлттық бокс мектебінің беделін көтеруге қосқан үлесін жоғары бағалап, көптеген боксшыларымыздың әлемдік рингте сәтті өнер көрсетіп жүргенін атап өтті.

"Еңбекқорлығыңыз бен табандылығыңыздың арқасында сіз бокстағы қазақы стильдің артықшылығын тағы бір мәрте көрсеттіңіз. Бұл көрнекті жетістік жастарымыздың спортқа, әсіресе боксқа деген қызығушылығын арттыратынына сенімдімін. Үлкен спорттағы әр қадамыңыз жас қазақстандықтар үшін жарқын үлгі. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық және жаңа спорттық жетістіктер тілеймін!» – делінген Мемлекет басшысының жеделхатында.

Еске салайық, орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) нұсқасы бойынша ресми түрде әлем чемпионы деп танылды.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер