Қазақстан экономикасын көтеру үшін мұнай бағасын көтеру керек – ҰЭМ

1013

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі отандық экономиканы дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған үш сценарийін әзірледі - базалық, оптимистік және пессимистік.

Оларды үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантиров таныстырды.

Базалық сценарий бойынша мұнайдың орташа бағасы барреліне $85 және доллардың болжамды бағамы 470 теңгені пайдалану ұсынылады. Осы сценарий бойынша ЖІӨ-нің орташа жылдық нақты өсімі 3,9%-ды, оның ішінде 2023 жылы 4%-ды құрайды.

«Оптимистік сценарий бойынша мұнайдың болжамды бағасы барреліне $110, доллар бағамы 440 теңге болып белгіленді. Экономиканың орташа жылдық өсімі 4,2% деңгейінде болжануда», - деді Қуантиров.

Пессимистік сценарий мұнай бағасының барреліне 60 доллар деңгейінде және айырбас бағамын бір АҚШ долларына 500 теңгеге дейін әлсіретуді көздейді. ЖІӨ-нің болжамды нақты өсімі орта есеппен 3,5%-ды құрайды.

«Бюджеттік жоспарлаудың негізі ретінде базалық сценарийді пайдалану ұсынылады. Осы сценарий бойынша нақты ЖІӨ өсімі 2023 жылғы 4,0%-дан 2027 жылы 4,2%-ға дейін жеделдетіледі. Атаулы ЖІӨ 120,7 трлн теңгеден 176,6 трлн теңгеге дейін өседі», - деп толықтырды министр.

Барлық сценарийлер бойынша инфляция 2023 жылы 7,5-9,5% деңгейінде, 2024 жылы - 4-5% деңгейінде, кейіннен 2025-2027 жылдары 3-4%-ға дейін төмендеуімен анықталады.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket