Жетісай базарындағы өрт: Саудагерлер наразылыққа шықты

1438
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Тамыздың 25-інен 26-сына қараған түні Түркістан облысы Жетісай қаласындағы «Күлпаршын ана» базарында ірі өрт шықты. Бұл саудагерлерді наразылық білдіруге итермеледі. Бұл туралы желіде видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ереуілшілер базар орналасқан көшені жауып тастады. Олар өртенген тауарлар үшін өтемақы талап етті.

Азаматтар базар әкімшілігінің меңгерушісінің шығуын күтіп тұрғанымен, олардың орнына мәслихат депутаты Қайрат Балабиев шықты. Ол «олардың мәселесін жақсы түсінетінін» атап өтіп, ереуілшілерді тыныштандыруға тырысты.

Ара-тұра депутаттың қолынан микрофон тартып алып, шығынның орнын толтыруды талап етті. Өйткені сатушылардың несиесі бар. Ал Балабиев сатушылардан жалдау ақысы алынбайды деп уәде берді.

Сатушылар жергілікті биліктен өртке байланысты шығынды өтеу туралы уәделерін құжаттауды талап етті. Әзірге бұл орындалған жоқ.

Әкімдік алдымен зардап шеккендердің санын анықтап, материалдық шығынды бағалау керектігін атап өтеді . Облыста оқиғаның себептерін анықтау үшін комиссия құрылды.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket