Ресей – біздің негізгі сауда-экономикалық серіктесіміз - Әлихан Смайылов

2392
Adyrna.kz Telegram
Фото: government.ru
Фото: government.ru

Қырғызстанда өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы алаңында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кездесуде Әлихан Смайылов Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының нығаюына жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулердің серпін беріп отырғанын, сондай-ақ екі ел арасындағы мемлекетаралық байланыстар барлық бағыттар бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне көтерілгенін атап өтті.

Сондай-ақ, ол  өткен 30 жыл ішінде мемлекеттер арасында сенімді және сындарлы диалог орнатылғанын да айта кетті.

"Ресей – біздің сауда-экономикалық серіктесіміз. 2021 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы үштен бірге өсіп, $24,2 млрд көлемінде рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында да сауда 5%-ға артты. Жыл қорытындысы бойынша оң қарқын сақталып, дамитынына сенім артамыз", – деді Смайылов.

Ал Михаил Мишустин Ресейдің Қазақстанмен тату көршілігі мен достығын бағалайтынын айтты.

"Біз импортты алмастыру бойынша бірлескен бағдарламаларды жүзеге асырудың жақсы перспективаларын көріп отырмыз. Өнеркәсіп, энергетика, машина жасау, көлік инфрақұрылымы, бейбіт атом, цифрландыру сияқты салаларда жаңа стратегиялық жобаларды іске қосу үшін мүмкіндіктер бар. Аталған мәселелер біздің тұрақты назарымызда", – деді Михаил Мишустин.

Екі тарап келіссөз барысында өнеркәсіп өнімдерін жеткізу және сауда-саттық мәселелерін талқылады Келіссөз барысында тараптар өнеркәсіптік кооперацияға қажетті өнімдерді жеткізу, қазақстандық шикізат транзиті, сондай-ақ тауарларды кедергісіз шығару мәселелерін талқылады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер