Министрліктерді қайта құру аяқталды – Аймағамбетов

773

Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігін қайта құру аяқталды. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Үкімет тиісті қаулы қабылдады. Мемлекет басшысының министрлікті бөлу туралы шешімі - отандық ғылымның да, жоғары білім беру жүйесінің де, жалпы білім беру саласының дамуы үшін де өте маңызды. Бұл құрылған екі министрлікке алға қойылған міндеттерге және проблемаларды шешуге егжей-тегжейлі назар аударуына мүмкіндік береді.

Енді Оқу-ағарту министрлігінің құзырына мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері кіреді. Министрліктің қарамағында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету мәселелері де бар.

Жоғары білім және ғылым мәселелерімен Ғылым және жоғары білім министрлігі жұмыс істейді»,– деді ол.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket