Таразда есірткіні жасыру орындары жойылды

2553
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Тараз қаласында есірткі таратқан 25 және 19 жастағы екі жергілікті тұрғын ұсталды.

Тінту жүргізу барысында күдіктілерден таратуға дайындалған, 15 түйіншекке оралған мефедрон тәркіленді. Олардың әлеуметтік желідегі жазбаларын зерделеу барысында ұсталғанға дейін есірткіні жасырғаны анықталды. Полицейлер есірткінің ары қарай таралмауы үшін жасырылған орындарды тауып, жою бойынша шұғыл шаралар қабылдады.

“Клиенттермен” хат алмасуда көрсетілген орындар, яғни Тараз қаласы мен қала маңындағы белгілер полиция қызметкерлерінің қырағылығымен алты сағаттың ішінде жойылды. Есірткі жасыру орындарын іздеу түн ортасына дейін жалғасты. Нәтижесінде, мефедронның 29 жасырылған орны анықталып, айғақ зат ретінде іске тіркелді.

Есірткі сатушыларды ұстау нәтижесінде мефедрон есірткі заты салынған 44 түйіншек тәркіленіп, олардың жалпы салмағы 26 грамды құрады. Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Дінмұхамбет Қойториевтің айтуынша, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін мефедронның аса ірі мөлшері бар болғаны 1 грамды құрайды.

Күдіктілер кінәсін мойындап, Тараз қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер