ҚР Президентінің кеңесшісі өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті

119

  Ағымдағы жылдың 21 шілдесінде Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қаламыздағы Достық үйіне келіп, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.

  Шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев қатысты.

  Кездсудің алғы сөзін Жамбыл облысы ҚХА Төрағасының Қоғамдық орынбасары Жалил Аббосов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол қазақстандық патриотизмге баса назар аударды.

  Тараз қаласының Өзбек мәдени орталығының төрағасы Абдурахман Зайнутдинов, «Айнұр» татар-башқұрт мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Амир Халиков, «Днепро» украин этномәдени орталығының төрағасы Федор Клименко, «Радонеж» орыс қауымының төрағасы Владимир Сорокин және басқалары сұрақтар қойып, пікірлермен бөлісті.

  Мәлік Отарбаев «Жаңа Қазақстанның» құрылысы, азаматтық институт алдында тұрған міндеттер туралы айтып, қатысушылардың ҚХА жұмысын жаңғыртуға, тіл саясатына, бірлік пен келісімді нығайтуға, қазақстандық патриотизмге қатысты көптеген сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев өз сөзінде ҚХА, этномәдени бірлестіктер қызметінде жаңа тәсілдерді пайдалану жұмысын күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket