Әкімдік қазақ мектебі болайын деп тұрған мекемені аралас қылып тынбақшы – журналист

862

Талғар қаласындағы №25 мектеп қазақ-орыс тілдерінде білім беретін болды. Бұл туралы журналист Қарагөз Сімәділ жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, бұған дейін білім басқармасы мекеме қазақ мектебі болады деп уәде берген.

«Сөз басқа, іс басқа болып тұр. Бала саны жетпейді деген сылтау айтылды. 889 қазақ оқушының ата-анасының өтініші мен дерегі жиналды. Мәжіліс депутаттары Қазыбек Иса, Жанарбек Әшімжан дәл осы мектепке қатысты мән-жайдан хабардар.
Енді міне, оқу жылы басталар шақта қазақ мектебі бәрібір аралас болайын деп тұр.
Талғар аудандық білім бөлімі парақшасына 25 мектепке орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдерге бос орынға хабарлама беріп, оны өшіріп үлгерді.

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалмұрат Жүкелге мәселенің мән-жайын білгіміз келіп хабарласып едік, жиналыста отыр екен. «Қазір бәрін анықтап сізге хабарласамын», – деген. Сірә, жиналысы әлі бітпеген болар, телефонын алмай тұр. Осы мектептің қазақ тілінде ашылуына қатысты мәселенің басы-қасында жүрген тұлғалармен кең әңгімелесіп, толық жариялаймын.
Ал, сонымен жүгір, жиналыс жаса, сөзіңді ресми негізде, бәрібір, аудандық әкімдік және мүмкін облыс әкімінің өзі (нақты деректі кімнен анықтарымызды сұрайтын адам телефонын алмағандықтан, осылай болжамдауға мәжбүрміз) қазақ мектебі болайын деп тұрған мекемені аралас қылып тынбақшы»,– деді ол.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket