Назарбаев университетінің студенті қыздардың оқу орны қабырғасында зорлыққа ұшырайтынын мәлімдеді

4978
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Назарбаев университетінің Адина есімді студенті университет қабырғасында қыздар зорлыққа ұшырайтынын айтып, әлеуметтік желіге үндеу жариялады. Алайда бұл туралы ешкімге айта алмайды. Студент өзіне де азғындық жасамақ болғанын, мұндай әрекетке баратындар арасында профессорлар мен оқытушылардың да болуы мүмкін мәлімдеді. Бұл туралы ол TikTok желісіне жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Студенттің айтуынша, университетте құрбысын зорлаған ер адам екінші құрбысын да жыныстық қатынасқа түсуге көндірмек болыпты. 

"Зорлаған адамды университетте көпшілігі таниды. Тіпті бір клубтың президенті де болған. Ал екінші құрбыма бір көргенде жағымды ер адам алымсақтық жасаған. Тағы бір жағдайда мен екі қызбен жасырын түрде жұмыс істедім. Ол екеуін бір адам зорлаған, ал үшіншісі оның құрбаны бола жаздады", – деді ол. 

Оның сөзінше, қыздарды зорлау дерегіне ешкімнің сенгісі келмейді. Себебі зорлық көрсеткендер өз ортасында танымал әрі бір көргенде момын болып көрінеді дейді. 

"Зорланған қыздардың бірі ешкімге айтпастан университеттен кетіп қалды. Өйткені ештеңе айта алмады, айтса барлығы өзін кінәлайтын еді, достары аралспай кетеді. Солай болды да. Өзін зорлаған адамның кесірінен оқудан кетті, университетте ешкіммен араласпайды. Өзге қыздар мұны психологиялық тұрғыдан көтере алмады. Бәлкім оқып жүрген шығар, бәлкім кетіп қалған шығар", – деп қосты студент. 

Студент мұндай жағдай өзінің де басынан өткенін мәлімдеді. 

"Маған және 16 жастағы қызға зертханада жұмыс істейтін стафф азғындық жасамақ болды. Профессор да, өзге қызметкер де мұндай әрекетке бара алады", – дейді қыз. 

Видеоға қатысты пікір білдірген полиция департаменті тексеріс жүретінін мәлімдеді. Қазір іс Нұр-Сұлтандағы Есіл ауданының полиция басқармасында тіркелген, қызметкерлер тексеріс жүргізіп жатыр. 

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket