Ауғанстанның экс-президенті елден неге қашып кеткенін айтты

3332
Adyrna.kz Telegram
Фото: EPA-EFE/SHAWN THEW)
Фото: EPA-EFE/SHAWN THEW)

Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани Ауғанстаннан қашып кеткен себебін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

2021 жылы 15 тамызда тәліптер Кабулға кіріп, ақыры Ауғанстанды бақылауына алды. Сол кезде елден қашып кеткен Ғани сынға ұшырады.

“Кету себебім, тәліптер мен олардың жақтастарына Ауғанстан президентінің тағы да намысына тиіп, оны үкіметтің легитимділігі туралы құжатқа қол қоюға мәжбүрлеуге жол бергім келмеді. Мен ешқашан қорықпадым”, – деді Ғани CNN арнасына берген сұхбатында.

Ауғанстанның экс-президентінің айтуынша, бастапқыда елден кету ойында болмаған. Сондай-ақ, елден кеткенде қолында паспорты болмағанын айтты. «Қомақты ақшамен қашып кетті» деген ақпаратты да жоққа шығарды.

Айта кетейік, «Талибан» – лаңкестік әрекеті үшін БҰҰ санкция салған ұйым.

”Адырна” ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер