Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

4989
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Облыстық полиция департаменті.

Қайғылы жол-көлік апаты 14 тамызда сағат 16:55-те Покровка – Жаңажол автожолының 75-шақырымында болған.

Темір ауданы Покровка – Жаңажол тасжолының 75-шақырымында Темір қаласынан Кеңқияқ ауылы бағытында келе жатқан ВАЗ 2113 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Мұғалжар ауданының 50 жастағы тұрғыны басқарып отырған КамАЗ көлігіне соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 2113 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар жеңіл автокөліктің тағы бір жолаушысы түрлі жарақатпен Кеңқияқ аулының ауруханасына жатқызылды», - делінген ПД хабарламасында.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер