Қазақстандық суға жүзуші Ислам ойындарында алтын медаль иеленді

3421
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық суға жүзуші Аделаида Пчелинцева Түркияда өтіп жатқан Ислам ойындарында алтын медаль иеленді, - “Адырна” ұлттық порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

23 жастағы павлодарлық спортшы 50 метрге брасс тәсілімен жүзу жарысында топ жарып, Ислам ынтымақтастық ойындарының алтын медалін жеңіп, осы жарыстың рекордын жаңартты.

Аделаида Пчелинцева - 50 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзу бойынша Қазақстан рекордының авторы. Ол 2018 жылы бұл қашықтықты 31,55 секундта бағындырды. Бұған дейін БАҚ оны "Қазақстан спортының жаңа секс-символы" деп атаған болатын.

Бесінші Ислам ынтымақтастық ойындары 2022 жылы 9-19 тамыз аралығында Түркияның Конья қаласында өтеді. 24 спорт бойынша жарысқа 56 елден төрт мыңнан астам спортшы қатысып жатыр. Барлығы 355 медаль ойнатылады.

”Адырна” ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер