Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

2913
Adyrna.kz Telegram
Фото: opa.kz
Фото: opa.kz

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаев 10 тамызда Еуро-Азия ынтымақтастығы қаржы-іскерлік қауымдастығының (ФБА ЕАК) кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен Қауымдастықтың Бақылау кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтына жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сондай-ақ, жалпы жиналыстың жұмысы барысында FBA EAC президенті болып SLC-Rus негізін қалаушы Ли Шобин (Қытай) сайланды.

FBA EAC – Еуразияның 26 ​​елінен кәсіпкерлердің, коммерциялық ұйымдар мен банктердің, қоғамдық және ғылыми-өндірістік бірлестіктердің қаржылық, банктік және іскерлік одақтарын біріктіретін қоғамдық үкіметтік емес ұйым.

Бұған дейін Алматы қаласының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министр) болып тағайындалған болатын.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер