«AMANAT» партиясы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік картасын енгізуді ұсынды

684

«AMANAT» партиясының мүшелері ел аумағындағы 2 мыңға жуық сауда нысандарын тексерді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Кезектен тыс отырыста «AMANAT» партиясы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері азық-түлік бағасының өсімі проблемасын талқылады.

29 шілде мен 5 тамыз аралығында баға өзгерісін бақылап жүрген партияның мониторинг топтары 1747 нысанда 1126 рейд жүргізді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесі бойынша бағаның ең жоғары өсімі 5 өңірде: Алматы және Нұр-сұлтан қалаларында, Қарағанды, Маңғыстау, БатысҚазақстан облыстарында байқалады. Атап айтқанда, аманаттықтар Маңғыстау облысында Үкімет бекіткен шектібағадан қырыққабат117%-ға, сәбіз – 60%-ға, пияз – 35%-ға қымбаттағанын анықтады. Қарағанды облысында қант бағасыорта есеппен 30%-ға өсті. Батыс Қазақстан облысында қарақұмық жармасы 38,7%-ға қымбаттады.

Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабековтің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсімін тежеу үшін әкімдіктер сауда нысандарына«айналым схемасы»  арқылы жеңілдікпен қарыз беріп жатыр. Несиелеу мақсатында жалпы сомасы 86,4 млрд. теңге бөлінді. Сондай-ақ, әр облыста тұрақтандыру қорлары құрылды.

«Тұрақтандыру қорларына 18 млрд.теңге бөлінді. Өңірлердің жедел ақпараты бойынша, жыл басынан бері тұрақтандыру қорларына 18,3 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, соның ішінде ұн – 10,2 мың тонна, қант – 3,1 мың тонна, күріш – 0,6 мың тонна және т. б. сатып алынды. Бұған қоса, елімізде әр апта сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді. Жыл басынан бері барлық өңірде 4133 жәрмеңке ұйымдастырылды. Яғни, әр апта сайын орта есеппен 207 жәрмеңке өтеді. Онда тауарлар нарықтағы бағадан 15-20%-ға төмен бағамен сатылады», – деді ол.

Алайда, партия мүшелері баға өсімімен күрес мәселесінде «айналым схемасының» тиімділігі байқалмай отырғанын айтып жатыр. Бұл ретте, Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов ел Президентінің таяудағы тапсырмасын еске салды.

«Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы «айналым схемасының» тиімділігіне күмән келтірді. Сондықтан тиімді шешім табуды тапсырды. Соған қарамастан, «айналым схемасы» жұмысын жалғастырып жатыр. Ешқандай жаңа шешім естіген жоқпыз. Президент тапсырмасын естімеген немесе түсінбеген сияқтысыз», – деді кеңес төрағасы.


Айта
кету керек, бұған дейінгі кеңес отырыстарында және депутаттық сауалдарда партиялықтар халықты баға өсімінен қорғау үшін «айналым схемасының» орнына тұрғындарды қолдаудың атаулы шараларын пысықтауды ұсынған болатын.

«Жақында елорда әкімдігі әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін азық-түлік карточкаларын енгізетінін мәлімдеді. Бұл шара шамамен 160 мың адамды қамтиды. Карточкалар аз қамтылған азаматтарға азық-түлікті төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Бақыланбайтын инфляция жағдайында мұндай шара өтетиімді болуы мүмкін. Себебі, көмек атаулы болған соң, мемлекет қолдау оған аса мұқтаж адамдарға жасалады. Өзге өңірлер де Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесібойынша азық-түлік карточкаларын енгізуді ойластыруы тиіс», – деп атап өтті Аманжан Жамалов.

Партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалыныңатқарушы хатшысы Мұрат Мұқаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және сату тізбегіндегі делдалдар санын заң жүзінде екіге дейін шектеуді және көтерме жеткізушілер үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең жоғары сауда үстемесін 15% мөлшерінде бекітуді ұсынды. Сонымен қатар, партия тәжірибесі азық-түлік картасын енгізуге көмектесетінін жеткізді.

«Пандемия ушығып тұрған кезеңде партия мұқтаж отбасыларға азық-түлік себетін тарату, 50 мың теңге көлемінде атаулы көмек бөлу сынды игі істерді қамтыған«Biz birgemiz» акциясын өткізді. Сол тұстаосындай отбасылардың тізімін дайындап, оның анық-қанығын тексердік. Енді осы тізімді жандандыру қажет. Сонда азаматтар арнайы карта бойынша жеңілдікпен азық-түлік сатып ала алады. Өйткені қазіргі уақытта еліміздегі әлеуметтік дүкендерде кез-келген адам тауар сатып алаалады», – деді ол.


Ұлттық экономика вице-министрі
Абзал Әбдікәрімов негізгі азық-түлік өнімдерінің қымбаттауын түсіндіруге тырысты. Оның айтуынша, Қазақстандағы азық-түлік қымбатшылығының бір себебі – жаһандық жеткізу тізбегінің бұзылуымен, әлемдегі баға өсімімен және сыртқы инфляциялық жағдайдың нашарлауымен байланысты.

«Егер әлемдегі баға өсімі туралы айтатын болсаңыз, онда халықтың жалақысы мен табысын да дәл солайарттыруды қамтамасыз етіңіз. Бағаның әлі де көтеріле беретінін, бірақ табыс мөлшері артпайтынын айтқанкезде, алдағы уақытта адамдар тойып тамақ жей алмайды деген ойды жеткізесіз. Сіз министрлікте сол үшін отырсыз ба? Себеп туралы айтатын болсаңыз, онымен күрес жүргізетін әдісі туралы да айтуыңыз керек. Орнаған жағдайды қайталап айтып берудің қажет жоқ», – деп атап өтті кеңес төрағасы Аманжан Жамалов.

Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов елімізде азық-түлік тапшылығы жоқ екеніне сендірді. Оның айтуынша, мемлекеттің азық-түлік қоры жеткілікті. Ол сондай-ақ, кеңес мүшелеріне ішкі нарықтың қантқа қажеттілігі толық қамтамасыз етілетінін хабарлады. Тамыз айының басында қор 31,6 мың тоннаны құрады. Зауыттар 40,7 мың тонна қант өндіруді жоспарлап отыр.Импорт 42,2 мың тоннаны құрайды.

«Тек белгілі бір аймақтарда ғана тапшылық бар. Жалпы республика бойынша оң теңгерім байқалады. Ақтөбе, Абай, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктері тапшылықтың алдыналу үшін Азық-түлік корпорациясымен қант жеткіз жөнінде келісім-шарт жасасуы тиіс», – деді ол.

Сонымен қатар, отырыс барысында кеңес мүшелері әуе және теміржол билеттерінің қымбаттауына, сондай-ақ дәрі-дәрмек бағасының өсуіне байланысты пайда болған мәселелерді талқылады. Партиялықтар мониторинг топтарының дәріханаларға рейд жүргізу тәжірибесін жандандыруды ұсынды.

Отырысты қорытындылай келе, кеңес төрағасы мемлекеттік органдардың іс-шараға дайындығын сынға алды.

«Мемлекеттік органдардың баяндамалары алдыңғы отырыстарда айтылған ойды қайталайды. Геосаяси жағдайды және тағы басқаны айтып ақталып келеді.Барлық мәселені жаһандық инфляцияға аудара салуды доғару қажет. Қазақстан халқы үшін аса маңызды мәселеге деген осындай көзқарас бізді қатты алаңдатады. Егер жақын арада жұмысқа деген көзқарас өзгермесе, ілгерілеуді байқалмайтын болса, онда «AMANAT» фракциясы тарапынан Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында баға өсімә мәселесін қарауға бастамашылық ететін боламыз», – деп түйіндеді Аманжан Жамалов.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket