Саясат Нұрбек: Бізге “Абайдың жолы” керек!

2846
Adyrna.kz Telegram

ҚР Білім және жоғары ғылым министрі Саясат Нұрбек Абай күніне орай Telegram арнасына пікірімен бөлісті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

”Бүгін Ұлы Абай күні!

Алаш Хәкімі білім мен ғылым елдің алтын қазығы екенін ғасырлар бұрын айтқан. Қазіргі заманның гуманитарлық саласындағы инновациясы болып саналатын ойларды сол ескі заманда шегелеп кетті.

Білім мен ғылымға қандай жол керек деген сұраққа жауапты қоғам да, маман да іздеу үстінде. Менің ойым – «Абайдың жолы» керек. Ол қандай жол?

1. Ұлтымыздың сана сезімін ағартушылыққа бағыттау. 

2. Біздің жастардың білім мен ілімге деген жоғары ынтасын потенциал ретінде қолдану.

3. Ұлы Абайдай әр халықтың жақсысын көріп сіңіре білу.

4. Ой мен ақыл бірлігін сақтау.

5. Төзімді, қолданбалы, еліне пайдасы бар білім жолдарын іздеу.

6. Алты Алаш педагогикасын терең енгізуге жағдай жасау.

Кіші үлкенді, үлкен кішіні сыйласа біздің ғылымымыз да, біліміміз де алға басады. Біздің келешегіміз – тарихымыздың қолында.

Ұлы тұлғамыздың туған күнінде осындай ойлар келді”, деп жазды ол.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер