Өзбек диаспорасының басшысы Украинамен соғысу үшін Әмір Темір атындағы батальон құруды ұсынды

3564
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

«Пермь өлкесінің Орталық Азия өзбектері қоғамының» жетекшісі Джахонгир Джалолов Украинамен соғысқа қатысу үшін Әмір Темір атындағы батальон құруды ұсынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы

"Біздің балаларымыз балабақшаға барады, мектептерде, жоғары оқу орындарында оқиды. Біз Ресейде тұрып, жұмыс істейміз. Біз тек жеп жүрген нанымызды ақтауға міндеттіміз. Мен еріктілер батальонын құрып, оны Әмір Темір деген ұлы есіммен атауды ұсынамын. Бұл Ресейдің Украинаны демилитаризациялау және деназияландыру бойынша арнайы әскери операциясын қолдау үшін құрылмақ», - деді Джалолов.

Ол жиналғандарды өзін қолдап, батальонға қосылуға шақырды.

Өзбекстанның Сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттігі бұл үндеуге жауап ретінде өзбектер мұндай үндеулерге еріп, соғыс қимылдарына қатыспауы керектігін мәлімдеді.

Сондай-ақ, олар Өзбекстандағы жалдамалылықтың қылмыстық әрекет екенін еске салды. Өзбектер басқа елдердегі шайқастарға қатысқаны үшін түрмеге жабылады.

Қылмыстық кодекстің 154-бабына (жалдамашылық) сәйкес Өзбекстан азаматтары шет мемлекеттің аумағында қарулы қақтығыстарға немесе ұрыс қимылдарына қатысқаны үшін, тіпті жалдамалылық белгілері болмаса да (қызметі үшін ақша алу) жазалануы мүмкін. Бұл құқық бұзушылықты жасағаны үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауаптылық көзделген.

Бұл ретте жалдамалыны тарту, оқыту, қаржыландыру немесе өзге де материалдық қамтамасыз ету, сол сияқты оны қарулы қақтығыстарда немесе әскери іс-қимылдарда пайдалану жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Видеоны Телеграм арнамыздан көре аласыз.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket