"Түк кінәсі жоқ, әділдік жеңеді": Хаменова фейсбукте жазба жариялады (ФОТО)

5971
Adyrna.kz Telegram

"Пара алушы да, беруші де үйінде жатыр. Бұл істе түк кінәсі жоқ Б.Хаменова неге өзіне сенімді болмауы керек, неге әділдікке сенбеуі керек". Қамауда отырған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың фейсбук парақшасында осындай жазба жарияланды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Желідегі жазбаларды жарыса бөлісіп, айызы қанғанша сыбап, “сотталсын!” деп жатқандар да жетерлік. Пікірлерге көзің түсіп кетсе, жағаңды ұстайтындай жағдай. Ақ жаулықты ана жасындағы апалар, ер деп сенім артар азаматтар да ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шығып, қарғап-сілеп, табалаудан аянып қалмаған екен... Жә, налымадық аса, анамыз айтқандай, өресі төмен кейбіреулердің көп сөзі мен боқ сөзі тағдырды шешпейді. Аллаға шүкір, бауырымыздың адалдығына сеніп, қолдау көрсетіп сотқа келген, әлеумжеліде жылы сөзімен жылатып та, жұбатып та жатқан тілеулес ағайынның қарасы қалың. Пара алушы да, параны беруші де бостандықта үйінде жатқанда, 8 ай бойы СИЗО-да сотты күтіп жатқан Б.Хаменованың “Әділдік жеңеді!” деген бір ауыз сөзін сан-саққа жүгіртіп, болжам жатқан да өз қазағымыз. Түсінбейтініміз - бұл істе ТҮК КІНӘСІ жоқ Б.Хаменова неге өзіне сенімді болмауы керек, неге әділдікке сенбеуі керек?!", - делінген жазбада.

Естеріңізге сала кетейік, Бақытгүл Хаменованың соты 11 тамызда өтеді. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер