"WhatsApp" және "Telegram" арқылы елді алдаған қаржы пирамидасы анықталды

3056
Adyrna.kz Telegram

"WhatsApp" және "Telegram" мессенджерлері арқылы азаматтардың ақшалай қаражатын тарта отырып, "BINCLOUD" қаржы пирамидасы ұйымдастырылғаны анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"BINCLOUD" бағдарламасына сәйкес жеке тұлғалар белгілі бір қаражатқа виртуалды майнинг жабдығын жалға алады, одан күн сайын салынған соманың 5-6% мөлшерінде инвестициялық кіріс алады.

Сонымен қатар, клиенттерден кіріс қаражатын шығару кезінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың пайдасына жалпы қаражаттың 16% ұсталады.

Егер сіз "BINCLOUD" бағдарламасына қатысып, зардап шексеңіз, ҚМА аумақтық департаменттеріне немесе сенім телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер