"Маған жала жапты": Генерал-майордың өлер алдындағы хаты жарияланды (ФОТО)

9550
Adyrna.kz Telegram

Тергеу изоляторында өлі табылған генерал-майор Жайлаубек Халықұлының өлер алдында жазған хаты жарияланды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің телеграм арнасында хабарлады.

Хатта марқұм генерал-майор өзінің өліміне Антикордың тергеушісі Төлеген Ербол мен өзіне арыз жазған Руслан Құсайыновты кінәлаған.

"Менің өліміме қатысты шара қолдану үшін өтініш жазып отырмын, қылмыстық іс қозғауыңызды сұраймын. Мені өлімге итермелеуге себеп болған Құсайынов Руслан. Қазіргі уақытта ұстау изоляторында отыр, 6 жыл бас бостандығынан айырылған. Маған өтірік жала жапты, көлікті және 40 000 АҚШ долларын мені алдап конфискацияға кетеді деп беріп кетті, уақытша бола тұрсын деп. Екіншіден тікелей өлімге итермелеген Антикор қызметкері тергеуші қылмыстық істі бұрмалау жолмен екеуі сыбайлас болып жұмыс жасады. Тергеуші Е.Төлеген болып танылды, бұл тергеуші Құсайынов Руслан жазған арызда 2 тергеуші Антикордан пара алды, біреуі 15 000 АҚШ долларын, екіншісі 15 000 000 теңге алды деп жазған" , - делінген хатта.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер