Ақмоладағы Красная поляна - Бірлік, Петриковка – Тұмар, Арбузенка – Ақкент боп өзгереді

3362
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысына қарасты Сандықтау ауданындағы үш бірдей ауылдың атауы биыл қазақшаланады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

24.kz хабарлауынша, аймақта алдағы жылдары 100-ден астам елді мекеннің атауы өзгереді деген жоспар бар.

"Красная поляна біздің орталығымыз әрі береке-бірлігіміздің нышаны болғандықтан біз оны Бірлік деп атауды жөн көрдік. Ал Петриковка – Тұмар, Арбузенка – Ақкент боп өзгереді. Барлығы да халықпен кеңесе отырып таңдалды. Бұл кезінде ата-бабаларымызды бауырына басқан қазақ халқына деген құрметіміз және отансүйгіштігіміздің белгісі деп білерсіздер. Аталған үш ауылда 1 мыңнан астам халық тұрады. Олардың 99 проценті ингуштар мен шешендер. Ауылдықтардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы. Мұнда 6 ірі серіктестік пен 40 шақты шаруа қожалығы бар. Бір сөзбен айтсақ, жұмыссыз жүрген адам жоқ. Ал Бірлік ауылдық округі ақсақалдар алқасы бар облыстағы саусақпен санарлық елді мекендердің бірі. Сондықтан мұнда қандай мәселе болмасын қариялардың қарауынан өтеді", - дейді Бірлік ауылдық округінің әкімі Ансар Ибаев. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер