2025 жылға дейін Қазақстанның 14 қаласында 5G іске қосылады

2047
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/5g-stockimage-innovationpoint.jpg

Енді 2 жылдан соң Қазақстанның 8 қаласында 5G технологиясы іске қосылады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Baq.kz хабарлауынша, кейін 2025 жылы тағы 6 қалаға орнатылып, 2026 жылы еліміздің 25 қаласында ұялы байланыстың «бесінші буыны» қолжетімді болады. Бұл туралы Цифррлық даму министрінің орынбасары Асхат Оразбек мәлім етті. Сонымен қатар вице-министр елдегі интернет сапасына қатысты журналистер сұрағына жауап берді.
Ел аумағының 99 пайызы қамтылған. Дегенмен бұл оның барлық өңірде сапалы екендігін білдірмейді, - деді вице-министр Асхат Оразбек.
Осыған байланысты былтыр 532 шағым түсіп, байланыс операторларына 135 млн теңге айыппұл салынған. Вице-министр географиялық бедері күрделі болғандықтан, интернет жеткізу қиынға соғатын өңірлерге тоқталды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии