Командир әскери қызметшіні несие алуға мәжбүрлеген

3086
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Өскемен қаласында әскери қызметшіге несие алуға итермелеп, қысым көрсеткен рота командирі лауазымынан шеттетілді.Бұл туралы әскери қызметшінің анасы әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Анасының айтуынша, ұлына қысым көрсеткен командир несие алуға, үйіне азық-түлік әкеліп беруге мәжбүрлеген. Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы осы мәселеге қатысты түсініктеме берді.

«Аталған дерек АЕК-ға тіркеліп, әскери полиция тексеріс жұмыстарын бастады. Сонымен қатар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы да қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Қазір 5518 әскери бөлімінің әскери қызметкері капитан А. Сағынтаев қызметінен шеттетілді. Тексеріс қорытындысы бойынша қосымша хабарланатын болады», – дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер