Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Лондондағы Әзірбайжан елшілігіне діни ұйым өкілдерінің шабуылына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Еске салайық, 4 тамызда «Махди қызметшілері одағы» шиіт діни бірлестігінің 23 өкілі Ұлыбритания астанасындағы Әзірбайжан дипломатиялық миссиясының аумағына басып кіріп, онда діни туларды көтеріп, мазмұны БАҚ-та көрсетілмеген ұрандар айтқан. Елшілік қызметкерлері зардап шекпегені белгілі. Полицейлер діни ұйым өкілдерін ғимараттан шығарып салып, сегіз адамды ұстады.
"Ағымдағы жылдың 4 тамызында Лондондағы Әзербайжан Республикасының Елшілігіне экстремистердің шабуылына байланысты біз дипломатиялық өкілдіктер мен олардың қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісін қабылдауға болмайды деп санаймыз. Мұндай әрекеттер халықаралық құқық негіздері мен нормаларын бұзуға жол бермейді. Жалпыға бірдей айыптауға ұшырайды және оларды ұйымдастырушыларды жауапкершілікке тарту үшін жан-жақты тергеуді талап етеді. Біз Әзірбайжан халқының табандылығына сенімдіміз және бауырлас мемлекетке қиын жағдайларда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенімізді білдіреміз», - деді Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі.
Sputnik Әзірбайжан сайтында айтылғандай, бұл оқиғаға байланысты барлық түркі мемлекеттері Әзірбайжанды қолдады.
Айта кетейік, «Мәһди қызметшілерінің одағы» діни бірлестігінің негізін қалаушы Кувейттің тумасы Ясир Әл-Хабиб. Әзірбайжандық дереккөздердің хабарлауынша, оның сүнниттік діни догмаларға қарсы дөрекі мәлімдемелерімен танымал екені белгілі, сол үшін діни экстремист деп танылған. Ясир әл-Хабиб Ұлыбританиядан саяси баспана алды, оның жақтастары да осында тұрады.
Оқиға Таулы Қарабақтағы әзірбайжан-армян қақтығыстарының шиеленісуі аясында орын алды.
“Адырна” ұлттық порталы