Маңғыстауда екі көлік соқтығысып, екеуі де жанып кетті

3607
Adyrna.kz Telegram

Жетібай – Шетпе тас жолының 96 шақырымында УАЗ бен Toyota Prado көліктері соқтығысты. Салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Шетпе ауылына қарай бет алған УАЗ маркалы көліктің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Prado маркалы көлігімен соқтығысқан, салдарынан екі көлік те отқа оранған.

"Жол апаты салдарынан оқиға орнында УАЗ көлігінің жүргізушісі қаза тапты, тағы бес адам зардап шекті. Олардың барлығы облыстық ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша Маңғыстау аудандық полиция бөлімінің СДТБТ-де тіркелді.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер