Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының жетінші турында қазақстандықтар Испанияны жеңді

3718
Adyrna.kz Telegram
Фото: tsn.ua
Фото: tsn.ua

Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының жетінші турында қазақстандықтар Испанияны жеңді. Бұл нәтиже біздің команданы Армения құрамасы бастаған көшбасшылар қатарына қосылуға көмектесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Еліміздің ерлер құрамасы бастапқы кестеде 40-орынға тұрақтады, алайда 7-ші турдың қорытындысы бойынша 4-ші орынды иемденген Испанияны 2,5:1,5 есебімен ұтты.

Әр ойында рейтингтегі айырмашылық испандық шахматшылардың пайдасына шамамен 100-200 ұпай болғанымен, қазақстандықтар кездесуде сенсациялық жеңіске жетті. Осылайша, ерлер құрамасы осымен турнирде қатарынан бесінші ойынды өз пайдасына шешті.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 7-ші турдың соңында 7-ші орынға жайғасты.

Әйелдер құрамасы 7-ші турда Вьетнам құрамасын 2,5-1,5 есебімен жеңіп, жалпы рейтингте 10-шы орында тұр.

Айта кетейік, 28 шілдеде Үндістанның Ченнай қаласында 44-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы басталды. 186 елдің өкілдері қатысатын жарыс 10 тамызға дейін жалғасады.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер