Лондондағы Әзірбайжан елшілігіне экстремистік ұйым шабуыл жасады

2518
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

«Махди қызметшілерінің одағы» деп аталатын шиит экстремистік ұйымы Лондондағы Әзірбайжан елшілігіне шабуыл жасады. Бір топ радикалдар ғимаратқа басып кірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"2022 жылдың 4 тамызында Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Әзірбайжан Республикасының Елшілігіне радикалды діни топ шабуыл жасады. Елшілік ғимаратына басып кіріп, радикалдар ғимараттың подъезіне діни туларды көтеріп, діни ұрандар айтты», - деп хабарлады Әзірбайжан СІМ.

Жергілікті полицияның араласуынан кейін тәртіп бұзушылар ғимараттан шығарылып, қамауға алынды. Оқиғадан елшілік қызметкерлері зардап шеккен жоқ.

Еске салайық, Әзірбайжандағы Қарабақ аумағында «Кек алу» деп аталатын әскери операция басталғаны туралы хабарлаған болатын.

Видеоны Telegram арнамыздан көре аласыз.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер