Маусымда қазақстандықтар шетелге 104 млрд теңге жіберген

3401
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/33d8a52d-a58c-4a20-8c54-4932b1ae81d1.jpeg
Маусым айында қазақстандықтар шетелге 104 млрд теңге жіберді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі LS-ке сілтеме жасап. Ұлттық банктің мәліметінше, жаздың алғашқы айында Қазақстаннан 104 миллиард теңгеге 263 мыңнан астам транзакция жасалған. Валюта бойынша аударымдардың негізгі үлесі доллармен жүзеге асырылды (52,8%). Ақшаның басым бөлігі Өзбекстанға аударылған. Мәселен, маусым айында бұл елге 36,2 миллиард теңгеден астам қаржы жөнелтілді. Одан кейінгі орында Ресей – 22,5 млрд теңге, Түркия – 20,7 млрд теңге, Грузия – 7,8 млрд теңге, Қырғызстан – 4,8 млрд теңге және Қытай – 3,3 млрд теңге. Ең аз қаражат Арменияға – 1,6 млрд теңге және Украинаға – 859,8 млн теңге жіберілген. Ал Қазақстанға шетелден 92 млрд теңгеге жуық сомаға 176,3 мың транзакция жасалды.
Комментарии