Елордада алғаш рет Американдық заңгерлер қауымдастығы Орталық Азия халықаралық құқық мектебі «Jessup Summer School» өтіп жатыр

3595
Adyrna.kz Telegram

Орталық Азияда алғаш рет USAID, Американдық заңгерлер қауымдастығы – The American Bar Associaon Rule of Law Iniave және Kinstellar заң фирмасының қолдауымен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстандағы заң университеттер студенттері үшін «Jessup Summer School» халықаралық құқықтың жазғы мектебі өтіп жатыр.

Айзерек, Қырғызстаннан келген қатысушы, Орталық Азиядағы Америка университетінің 3 курс студенті: «Осы жерге мен Қырғызстан командасымен Жазғы мектепке қатысу үшін келдім. Бұл алғашқы тәжірибем болмақ, жалпы халықаралық жария құқық саласындағы білімімді арттырамын деп ойлаймын, себебі осы жазғы мектеп маған болашақта адам құқықтары саласында жұмыс істеуге көмектеседі. Негізі заң саласындағы білімді кеңейтетін – халықаралық жария құқық деп ойлаймын. Кешеден бері мен үшін өте пайдалы дәрістер болды».

Соңғы жылдары Орталық Азия елдерінде Jessup халықаралық құқық байқауының ұлттық турлары қайта жалғасын тапты. Аталмыш байқау арқылы Вашингтондағы халықаралық турларға қатысатын университеттердің тізімі анықталады. Jessup – 100 ел мен юрисдикциядағы 700-ге жуық заң мектебінің өтініштері қамтылған әлемдегі ең ірі сот жарысы. Байқау көрінісі – Біріккен Ұлттар Ұйымының сот органы мен Халықаралық Соттағы елдер арасындағы ойдан құрастырылған дауды модельдеу. Байқауға дайындалу барысында студенттер халықаралық жария құқық бойынша тереңдетілген білім ала отырып, заңгерлік зерттеу, заң тілінде жазу, шешендік өнер дағдыларын айтарлықтай жетілдіреді.

Жазғы мектептің негізгі мақсаттары – Орталық Азия елдерінің студенттерін Jessup атындағы халықаралық құқық бойынша конкурсқа қатысуға дайындау, университетаралық және студенттер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ Орталық Азия елдерінде халықаралық жария құқықты кеңінен насихат ету.

 

 

Пікірлер