Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі тарихи келісім жасады

2594
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесі мен Шымкент қаласы “Adilet Group” заң консультанттар Палатасы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл жайында Шымкент қаласы Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Бауыржан Алтеев мырзаға хабарласқанымызда: "Біздің Қоғамдық кеңеске қаншама ұсыныстар мен өтініштер келіп отырады. Ал оның үлкен бөлігі заң аясында шешілуі керек мәселелер. Сондықтан, біздерге заңдық- консультациялық баға беруші мекемелерге мұқтаждығымыз артып келеді.  28 шілде күнгі Кеңес отырысында Шымкент қаласы Қоғамдық Кеңесі мен Шымкент қаласы “Adilet Group” заң консультанттар Палатасы арасында меморандумға отыру мәселесін ұсындым. Ұсынысым Кеңес мүшелердің басым дауыс беруімен мақұлданып, Шымкент қаласы Қоғамдық Кеңесі мен "Adilet group" заңгерлер палатасы арасында өзара әріптестік меморандумына қол қойылды. Бұл тарихи сәт! Өйткені, еліміздегі Қоғамдық кеңестер арасында Заңгерлер палатасымен ынтымақтастық меморандумы алғашқы рет жасалып отыр", - деп мәлімдеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер