Қазақстан тұтынушыларына жылу үшін артық төленген 490 миллион теңге жуық қаржы қайтарылады, - деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі.
Жұмыс табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың нормаларына сәйкес жүргізілген, оның қорытындысы бойынша қайта есептеу нәтижесінде жылу маусымында (2022-2023 жылдары) немесе күнтізбелік жыл үшін (2022 жылдың соңына дейін) қаражатты есептеуді қайтару халықтың жеке шотында көрсетіледі және аванс (сальдо) түріндегі жеке жолда жазылатыны белгілі болды.
"Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнаманың нормаларына сәйкес табиғи монополия субъектісі сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тұтынушыларға тікелей не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету арқылы қайта есептеуді жүргізуге мiндеттi.
Осылайша, өткен 2021-2022 жылдардағы жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі жылу энергиясының төлеміне ҚҚС-ты ескере отырып жалпы сомасы 489 950 250 теңгеге қайта есептеу жүргізді", - делінген хабарламада.