Машина алдына “Құтқарыңызшы!” деп жүгіре жөнелген 22 жастағы қызды құтқарып қалған жігіттен журналист Гүлмира Әбіқай сұхбат алыпты. Бұл туралы ол өз facebook парақшасында жариялады.
Қызды өте бір үлкен қорқыныштан аман алып қалған Р есімді азамат инженер-құрылысшы маманы екен.
Өзін батыр санамайтын азамат, “көмектесу, құтқару” кез-келген адамның міндеті санайды.
“Әрине, ең алдымен артынан өкшелей қуып келе жатқан жігіттерден қорғауым керек дедім. Басқа ой менде болған жоқ. Қайдан шықты? Не болды екен деп анықтап тоқтағанша екінші жігіт жүгірді. Қалтамда рұқсат етілген қаруымды аспанға аттым. Сонда ғана қыз қуушылардың беті қайтқандай болды. 102-ге хабар бердім. 5 минуттың ішінде 4 патруль көлігі келді. Полиция қызды өз көліктеріне мінгізіп, алып кетті”, – дейді азамат.
“Атын сұрамадым. Такси ұстап тұрғанда екі жігіт келіп, “бізбен бірге жүр, жеткізіп тастайық” деген. Өз жолынан басқа жаққа бұрылғанын көріп, айқайлап қарсылық танытқанын айтты. Алайда, такси жүргізушісі айқайлап жылап жатқаныма қарамастан мені күштеп түсіріп кетеді. Жігіттер сол маңдағы мүрдеге қарай сүйреген. Осы сәтте менің көлігімнің жарығын байқаған бойжеткен бар күшімен ытқып шығып алдымнан жүгіріпті. Қорқынышы басылған соң сөзі дұрысталды, мастығын байқамадым”, – деп жалғады ол.
“Меніңше, қиналған жанды көрген әр адам көмек береді деп ойлаймын, бұл жәй адамгершілік қой. Мен және өзім танитын достарым, жақындарым болса дәл мен сияқты көмектесер еді. Өзім сол маңда тұрамын, көшем қылмыстан аулақ болса екен деймін”, – деп түйіндеді батыр жігіт.
”Адырна” ұлттық порталы