Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Варшава WTA-250 турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Анна Данилина германиялық Анна-Лена Фридзаммен бірге финалда жарыстың 2-ракеткалары, корт иелері Катажина Кава - Алисия Росольскамен өнер көрсетті.
Бірінші партия барысында К.Кава мен А.Росольска 3:1 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық-германиялық жұп таразы басын аудара білді - 6:4.
Екінші сетте есеп 4:5 болған кезде де Данилина мен Фридзам брейк жасай алды - 5:5.
Бірақ қарсыластары қайыра брейк жасап, сетті өз есептеріне жіберді - 7:5.
Супер тай-брейкте қазақстандық-германиялық жұп 8:0 есебімен алға кетті. Бұдан кейін К.Кава мен А.Росольска есепті қысқартты, бірақ Данилина мен Фридзам мүмкіндігін жібермеді - 10:5.
Екі сағатқа созылған тартысты матчта қазақстандық-германиялық дуэт 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Польшалық жұп та 5 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.
“Адырна” ұлттық порталы