"Балаларымызды әскерге жібермейміз": Халық Қорғаныс министрінің отставкаға кетуін талап етуде

5989
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/armiya-ruslan-zhaksylykov.jpg
Қазақстандықтар ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың отставкаға кетуін талап етіп, Тоқаевтың атына петиция жариялады. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды. 
"Қасым-Жомарт Тоқаев Қаскелең қаласының тумасы Руслан Жақсылықовты ҚР-ның Қорғаныс министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа 2022 жылғы 19 қаңтарда қол қойды. 2022 жылы 6 мамырда оған "Генерал-полковник" атағы берілді. Содан бері БАҚ беттерінде жас сарбаздардың өлімі туралы тақырыптар тоқтар емес. Қазақстан армиясында бейберекеттік орын алуда. Ата-аналар балаларын әскерге жібергісі келмейді. Жастарды ұрлап, мәжбүрлі түрде әскери қызметке жіберу фактілері орын алды. Біз, петицияға қол қойған азаматтар, ел Президентінен шұғыл түрде ҚР-ның Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қызметінен босатуды талап етеміз",- делінген петицияда. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии