Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Шолақай ауылында 15 жастағы қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы журналист Қанат Әбілқайыр өзінің фейсбук парақшасында хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"Қыздың толық аты-жөні Қисабекова Құралай Ерболқызы. 2007 жылы 25 мамырда дүниеге келген. Биыл аталған ауыл мектебінде 9 сыныпты тәмамдаған. Туыстарының айтуынша, 21 шілдеде үйінен кетіп оралмаған. Мәйіт араға апта салып, 28-шілдеде табылды. Күдікті ретінде бұған дейін де сотталған, 1984 жылы туған А.Р атты азамат қамауға алынды. Ол жас қызды айуандықпен зорлап, мәйітті өртеп, қыздың денесін көміп тастаған. Оқиға барысы ұлттық сипат алып бара жатқандықтан, қазір Шолақай ауылында қауіпсіздік шарасы күшейтілген", - деп жазды ол.
"Адырна" ұлттық порталы