Қазақстандық шахматшылар Үндістандағы олимпиаданы жеңіспен бастады

3228
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық шахматшылар Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан шахмат Олимпиадасын жеңіспен бастады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылымның хабарлауынша, Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Гүлісхан Нахбаева және Назерке Нұрғали өнер көрсететін Қазақстан әйелдер құрамасы Гватемала құрамасын 4:0 есебімен ұтқан.

Екінші турда біздің қыздар Бельгия құрамасымен кездеседі.

Құрамында Ринат Жұмабаев, Әлішер Сүлейменов, Мұртас Қажағалеев, Арыстанбек Уразаев және Қазыбек Нөгербек бар ерлер құрамасы Қытайдың Тайпей командасына қарсы ойнап, 3:1 есебімен жеңіске жеткен.

Екінші турда ерлер құрамасы Тәжікстан шахматшыларымен ойнайды.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер