Жыл соңына дейін 5 млн га пайдаланылмайтын жер мемлекетке қайтарылады

2628
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін жаппай қайтару жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің күшімен 2022 жылдың 6 айында 904 мың га пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып берілген жер мемлекет пайдасына қайтарылды (2021 жылы 430 мың га қайтарылды). Биылғы жылдың соңына дейін тағы 5 млн га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарланып отыр»,— делінген хабарламада.

Мемлекет пайдасына қайтарылған жерлерді одан әрі аграрлық сектор өкілдеріне тікелей пайдалануға беру үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер арқылы) бөледі.

Пікірлер