Грант ұтып, АӘК алушылар қатарынан шықтым — БҚО тұрғыны

3418
Adyrna.kz Telegram

Мемлекеттік грант ұтып, шаруаларын дөңгелетіп, адал еңбек етіп отырған отбасылар саны өсуде. Соның бірі Батыс Қазақстан облысы Бөкей Орда ауданының тумасы Алмагүл Сахарбаевна туралы айтқымыз келеді.

Бактыгулова Алмагүл Сахарбевна - Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылының тұрғыны, аз қамтылған отбасы ретінде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа қатысып, 583 400 теңге көлемінде грант иегері атанды.

«Менің аулам – менің бағым» жобасы арқылы 6 түп алма терегі, 4 түп өрік терегі және 68 түп таңқурай (малина) отырғызды.

Оған қоса терек отырғызуға арналған құрал жабдықтарын сатып алды. Қазіргі уақытта Бактыгулова Алмагуль Сайқын ауылында шағын асхана қызметін көрсетуде.

Биылдан бастап, атаулы әлеуметтік көмек алушы қатарынан шықты.

Алмагүл ханымның өзімен тілдесіп, әңгіме өрбіттік.

2021 жылы сәуір айында мемлекеттен бизнес бастауға грант ұтып алдым. Негізі Мәншүк Мәметова атындағы мектепте 5 жыл еден жуушы боп жұмыс істедім. Қызым дүниеге келген соң, декреттік демалыста болдым.

Кейін осы грант туралы естіп, ұсыныстар түсті.

280 мыңға терек отырғызып, қалған ақшасына мал сатып алдым. 67 түп малина отырғыздым, 6 түп алма мен 4 түп өрік отырғыздым. Кейін 7 бас қой алдым.

Қазір өзім жалдамалы бір орынды алып, шағындау шайхана ашып отырмын. Ол шайхананы өзім несие алып дөңгелетіп отырмын. Қазіргі кезде аса бір қатты пайда бар деп айта алмаймын.

Тек бір жыл ғана болған соң, өсірген терегімізден жеміс ала қойған жоқпыз.

Алмагүл апамыз өз болашақ жоспарымен бөлісіп, жастарға кеңесімен бөлісті.

Өмірлік мақсат, жоспар деген көп қой. Өсіріп, әлпештеп отырған балаларым бар. Келінді болдым, өз күнімізді өзіміз көріп отырған қарапайым жандармыз.

Жолдасым екеуміз екі жақтан тырмысып, әрекет етудеміз. Ақша еш уақытта жетпейді.

Сондықтан, қазіргі жастарға айтарым, ерінбей жұмыс істеу керек. Біздің заманымызда Ленин айтқандай: Учиться, учиться и только учиться.

Тек еңбек ету керек. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей деген бар. Қазір әркім өзін ойламаса, ешкімге мұқтаж болмау керек.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер